3 мың көлік тиелген кеме өртке оранды
Солтүстік теңізде, Голландияның Амеланд аралының маңында 3000-ға жуық көлік тиелген жүк кемесі өртке оранды. Болжам бойынша, өрттің шығуына электромобильдердің бірінің тұтануы себеп болған. Салдарынан бір экипаж мүшесі қаза тапты, 22-сі жараланды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Stan.kz тілшісі BBC арнасына сілтеме жасап жазды.
Солтүстік теңізде кемедегі өртті сөндіру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Бірнеше құтқару кемесі жалынды сөндіру операциясына белсене қатысуда. Экипаждың кей мүшелері өртті өз бетінше сөндіре алмаған соң, 30 метр биіктіктен суға секіруге мәжбүр болды.
"Олар бірінен соң бірі суға секірді. Себебі олардың жағдайы өте қиын еді. Олар үшін суға секіруден басқа таңдау қалмады", – деді Амеленд құтқару қайығының капитаны Виллард Моленар.
Кеме қазір зәкірде тұр. Нидерланды жағалау күзеті оны суға батып кетуі мүмкін деп отыр. Алайда құтқарушылар өртті сөндіріп, кемені суда ұстап қалуға тырысуда.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz