65 жастағы әкім 16-дағы қызға үйленіп, енесін министр етіп тағайындаған
Бразилияда 65 жастағы әкім 16 жастағы қызға үйленіп, енесін әкімшілікке қызметке тағайындаған. Оқиға елдің оңтүстігіндегі Араукария қаласында болған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.
Жергілікті тұрғындар жас жұбайлардың жас айырмашылығын, әкім әйелінің анасы жергілікті муниципалитетке мәдениет және туризм министрі болып тағайындалуын да қызу талқылап жатыр.
Бұл іс бойынша прокуратура тергеуді бастады.
Басылымның мәліметінше, қалыңдықтың анасы бұған дейін Білім министрлігінде жұмыс істеген. Десе де қызметі де, жалақысы да төмен болған.
Әкімдіктегілер «бұл тағайындау атқарушы билік басшылығының лауазымға қою талаптарына сай келеді», - деп мәлімдеді.
«Араукария мэрі Хиссам Хусейн Дехайни қалыңдығы Кауана Род Дехайниге 16 жасқа толғаннан кейін төрт күннен соң үйленді. Бұған дейін алты рет үйленген әкім салтанатты рәсімнен бірнеше күн бұрын қыздың анасы Марилен Родені қаланың мәдениет және туризм министрі етіп тағайындады», - деп хабарлайды Daily Mail.
Прокуратура тергеуді бастағаннан кейін Марилен Роде уақытша қызметінен шеттетілді.