81 жастағы әйел өзін Дональд Трамптың зорлағанын айтты
Сот барысында тағы бір әйел зорлық көргенін айтып, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампты айыптады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
The Wall Street Journal хабарлауынша, 81 жастағы кәсіпкер әйел Джессика Лидс федералды қазылар алқасына Трамптың 1978 немесе 1979 жылдары өзіне тиісіп, ар-намысын қорлағаны туралы айтып берген.
Әйелдің айтуынша, оқиға ұшақта болған: бизнесмен Трамп оны өзіне тартып, сүймекші болған, артынша омырауынан ұстап алған.
«Сол сәтте оның қырық миллион қолы бардай көрінді», - деп еске алады Лидс.
Трамп бұл айыптауларды жоққа шығарды. Ол сотта куәлік беруден бас тартты.
Бұған дейін саясаткерді журналист Джейн Кэрролл да айыптап, одан зорлық көргенін мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, оқиға Манхэттендегі Bergdorf Goodman дүкенінің киім ауыстыратын бөлмесінде «1995 жылдың аяғында немесе 1996 жылдың басында» болған. Қазір іс сотта қаралып жатыр.