Әйел құрбысының үйіндегі ең қымбат заттарды ұрлап, жалғандарымен ауыстырып отырған
Қытайдың Чанчунь қаласының тұрғыны үш жыл бойы танысын тонап, темір тордан бір-ақ шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Money Control-ға сілтеме жасап.
Цао есімді әйел жаңа үй сатып алып, жөндеу жұмыстарын бастаған. Бірақ жұмыстың барысын өзі бақылай алмаған, өйткені ол көп уақытын жолда өткізетін. Сол үшін ең жақын досы Люға кілтті беріп, жұмысшыларға бас-көз болуын өтінеді.
Қаржылық қиындықтарға байланысты Лю ұрлыққа бел буып, үш жыл ішінде Цаоның үйінен 940 мың юань (60 827 400 теңге) заттарды жасырын алып отырады. Ұрланғандардың арасында 20 құнды зат болған, соның ішінде Hermes және Louis Vuitton сөмкелері, Bulgari білезіктері және қымбат брендтердің киімдері. Қытайлық әйел ұрланған заттарды интернеттен сатып алған жалған заттармен алмастырып отырған.
Ұрлықты білгеннен кейін Цао полицияға барады. Полицейлер оған құрбысынан күдіктенетіндерін әдейі айтпаған, бірақ кінәлі адамды анықтап, оны тұтқындағалы жатқанын хабарлайды.
Лю 12 жылға бас бостандығынан айырылды.