Әйгілі режиссер өз-өзіне қол жұмсады
Ирандық кинорежиссер, сценарист және продюсер Кюмарс Пурахмад 74 жасында өз-өзіне қол салып, қайтыс болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Тurkystan.kz-ке сілтеме жасап.
«Хабарлама алғаннан кейін оқиға орнына арнайы тергеуші келді және алғашқы тергеулер негізінде олар режиссер өз-өзіне қол жұмсады деген қорытынды жасады. Ал істің мән-жайын анықтау үшін сот талқылауы мен тергеу жүргізілу қажет. Қазіргі уақытта мәйіт өлімнің себептерін анықтау үшін медициналық мамандарға берілді», – деп мәлімдеді Прокурор Гиляна.
Айта кетейік, Пурахмад 1949 жылы Исфаханның Наджафабад қаласында дүниеге келген.
Ол «Ночной автобус» (2007 ж.), «Двойная лотерея» (1996 ж.) және «Где моя обувь?» (2016 ж.) фильмдерінің арқасында танымал режиссер және сценарист болды.
«Файл открыт» фильмі Пурахмадтың соңғы қойылымы болды. Ол 41-ші «Фаджр» кинофестивалінде ұсынылған болатын.