Әлемде коронавирустың «кракен» деген жаңа түрі тарады

Әлемде коронавирустың «кракен» деген жаңа түрі тарады

Бұл туралы бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова Орталық сайлау комиссиясының отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Айтуынша, ел аумағында коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

 

Соңғы екі аптада сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады. Тәулігіне COVID-19-ға  ПТР-дің оң нәтижесімен 120 жағдайға дейін және COVID-19-ға ПТР-дің теріс нәтижесімен 10 жағдайға дейін тіркелуде. Алдыңғы аптамен салыстырғанда соңғы аптада сыртқаттанушылық 1,7 есеге, яғни  782 жағдайдан 461 жағдайға дейін төмендеді. Әлемде омикрон штамының жаңа түрі – кракен таралып жатыр. Ол 87 мемлекетте анықталған. Секвенирлеу әдісінің соңғы деректеріне сүйенсек, елімізде бұл штамм анықталған жоқ, - деп атап өтті вице-министр.

 

Сонымен қатар ол эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес республика және барлық өңір жасыл аймақта тұрғанына тоқталды.

 

7 өңірде: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, облыстарында R көрсеткіші бірден жоғары. Осыған байланысты бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес R көрсеткіші бірден жоғары болған кезде адамдар көп жиналатын орындарда маска тағу ұсынылатынын еске саламын, - деді бас санитар дәрігер.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста