Әлемдегі «ең сұлу қыз» Нигериядан табылды
Қыздың суретімен фотограф Моуф Бамаива өз аккаунтында бөлісті. Instagram пайдаланушылары мен британдық БАҚ бес жасар нигериялық қызды «әлемдегі ең сұлу қыз» деп атады. Қыздың сұлулығы жайлы жазды The Mirror басылымы жазды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Фотограф Мофе Бамаива өз аккаунтында Джейр есімді қыздың суреттерімен бөлісті.
«Ол адам! Бірақ, сонымен қатар, ол періште», - деді ол суреттің астында.
Фотограф Джейрдің камерадан еш қорықпай, суретке еркін түскенін айтады. Бамаива сондай-ақ бұл қыздың екі көрікті әпкесі бар екенін жазған. Сол себептен, ол қыздардың анасын балаларына Instagram ашуға шабыттандырған.
Бірнеше күн ішінде суреттер мыңдаған лайк жинаған. Ал оқырмандар қыздың өте сұлу екенін жазған. Дегенмен, фотографты фоторедактор пайдаланды және қызға жасанды шаш тақты деп айыптағандар да табылған.
Атап өтсек, 2017 жылы британдық БАҚ пікірінше, «әлемдегі ең сұлу қыз» мәртебесін ресейлік Анастасия Князева иеленген болатын. Қазір алты жасар қыз ресейлік агенттіктердің бірінде жұмыс істейді.