Алғашқы неке түні пәк болмаған қалыңдықты атып тастайды екен

Алғашқы неке түні пәк болмаған қалыңдықты атып тастайды екен

Ауғанстанда алғашқы неке түні пәктігін дәлелдей алмаған қалыңдық өмір бойы азап кешіп өтеді. Олардың кейбірін түрмеге жапса, кейбіреуін тіпті өлтіріп тастайды.
Ауған халқының арасында ертеден қалыптасқан дәстүр бойынша, шаңыраққа жаңа түскен жас келіннің абыройы таза болуы керек әрі ол мұны дәлелдеуі тиіс.

Өз аты-жөнін атамауды сұрап Азаттық радиосының Ауған қызметіне сұхбат берген жергілікті әйел жаңа түскен келіннің ата-енесі қыздың пәктігін тексеру үшін алғашқы неке түнінен соң жас жұбайлардың төсегін тексеретін дәстүр елдің кейбір аудандарында әлі сақталғанын айтып берді.

«АЙЫПКЕР» ӘЙЕЛДІ ЖАЗАЛАУ

Ауған қоғамында «зина жасады» деген айып тағылған әйелдердің тартатын азабы өте ауыр. «Абыройы төгіліп», ұятты болған күйеудің жұрты әулеттің атына дақ түсірген келіннің орнына құда жақтан оның сіңлісін талап ете алады. Ал пәктігін дәлелдей алмаған қалыңдық «зинақорлық жасаған» деп айыпталып, түрмеге қамалады. Түрмеде олар ауыр азапты бастан кешеді.

Талибан сотының шешімімен әйелді таспен атқылап өлтіруді айыптап акция өткізіп тұрған әйелдер. Кабул, 6 қараша 2015 жыл.


– Кейде келіннің құлақ-мұрнын кесіп тастайды. Шаштарын тықырлап алып, үстіне лас киім кигізіп, ата-анасының үйіне жібереді. Сосын оның әулетіне қыздарының пәк емес екендігі хабарланады. Кейде тіпті жас келінді өлтіріп, төркініне сүйегін жібереді, - дейді ауған әйелі.

Ауғанстанда бұл – талқылауға жатпайтын жабық тақырып. Бірақ, соңғы кезде ер адаммен некесіз төсек қатынасына барған әйелдерді аяусыз жазалау оқиғалары жиілеп кеткендіктен, бұл мәселе қоғамда талқыға салынды.

Қарашаның соңында елдің орталығындағы Гор аймағында 26 жастағы әйелге жұрт алдында дүре соғылды. Үйіне қашып кеткені үшін жазықты болған болған келіншек алған жарақатынан айыға алмай қайтыс болған.

Қазан айында дәл сол аймақта 19 жастағы Рохсана есімді қыз «зинақорлық жасағаны» үшін айыпты деп танылып, оны Талибан жасағы таспен ұрып өлтірген.

Тамыз айында осы Гор аймағында «некесіз жыныстық қатынасқа барды» деп айыпталған ер мен әйелге жұрт алдында дүре соғылған.

Ауғанстанның Парван уәлаятында «зина жасады» деген күдікпен ату жазасына кесілген әйелге үкімді орындау кезі. 2012 жылы жарияланған видеодан скриншот.

«Әулеттің атына кір келтірген» әйелді жазалау шарасын көбінесе оның өз туыстары ұйымдастырады. Көп жағдайда олар қызды отбасынан аластайды немесе құқық қорғау органдарына тапсырады. Ал кей кездері тіпті «әулет абыройы» үшін қызды өз жақындары өлтіреді.

– Кейбір отбасыларда «абыройсыз» қызды өз үйіне қайтару дәстүрі сақталған. Қарабет болмас үшін әлгі отбасы құдаларына басқа бір қызын ұсынуға мәжбүр болады. Кей аймақтарда қызды өлтіріп тастайды. Ал енді бір жағдайларда ұзақ жыл некеде бірге тұрып жатса да күйеуі «абыройсыз босаға аттаған» әйелін ұрып-соға береді, - дейді Ауғанстанның адам құқықтары жөніндегі тәуелсіз комиссиясының комиссары Мариям Зурмати Азаттық радиосының Ауған қызметіне берген сұхбатында. Неке рәсіміне дайындалып отырған күйеу мен қалыңдық. Ауғанстан, Балх уалаяты, маусым, 2014 жыл.

Гор аймағында әйелді таспен ұрып жазалау туралы видео:
http://www.azattyq.org/media/video/afghanistan-stoning/27342007.html


ЕМХАНАДА ПӘКТІГІН ТЕКСЕРТУ

Мәрзия есімді әйел «босаға аттағанда қыз болмаған» деген күдіктің кесірінен күйеуінің тоқпағына жылдар бойы көніп келе жатқан сіңлісі туралы айтты.

– Неке түні сіңлімнің төсегі былғанбапты. Күйеуі оны [сол үшін] үнемі ұрады, [сіңлімнің] денесі көкала қойдай болып жүреді. Ұзақ жыл бірге тұрып келе жатса да күйеуі сіңлімді «сүйекке таңба болдың» деп азаптайды, - дейді Парван аймағында тұратын Мәрзия.
Ауғанстанда некелесудің алдында қалыңдықты арнайы дәрігерге қаратып, «пәктігін» тексерту де кездеседі. Халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдары мұндай шараның халықаралық құқық нормаларын бұзатынын әрі оның әйелдің пәктігіне нақты айғақ бола алмайтынын айтады.

Неке рәсіміне дайындалып отырған күйеу мен қалыңдық. Ауғанстан, Балх уалаяты, маусым, 2014 жыл.

Кабулдық дәрігер Терена Ядгаари «пәктік тестінің» медициналық негізі жоқ екенін мойындайды, бірақ соған қарамастан, ауған астанасындағы мемлекеттік емханаларда жыл сайын осы тақылеттес ондаған «тест» жасалады.

КОНСТИТУЦИЯ ЖӘНЕ ШАРИҒАТ

Ауғанстан қылмыстық кодексіне сәйкес, зинақорлық немесе өз үйінен қашып кету қылмыс болып саналмайды. Бірақ, діни консерваторлардың ықпалындағы соттар жыл сайын жүздеген әйелді «моральдық азғындық жасады» деп айыптап, бас бостандығынан айырып келеді.

Кабулдың шетінде жыра үстіндегі көпірмен өтіп бара жатқан пәренжі киген әйел. 2 қаңтар 2014 жыл. (Көрнекі сурет.)

Ауғанстан конституциясында «ешқандай заң қасиетті Ислам дінінің наным-сенімдері мен қағидаттарына қайшы келмеуі керек» деп жазылған. Алайда, негізгі заңның қалған бөліктеріндегі зайырлы тұжырымдар бұл баптың өзіне кереғар келіп тұр.

Талибан жасағының ықпалы жүретін кейбір ауылдық жерлерде халық жемқорлыққа батқан үкімет мекемелеріне сенбейді, сондықтан олар дауларын шешу үшін Талибан сотына жүгінеді.

Талибан соты шариғат заңдарын қатаң түсіндіреді. Олар некесіз қарым-қатынасқа барған ер мен әйелге өлім жазасы немесе жұрт алдында дүре соғу жазасы кесілуі тиіс деген қағиданы ұстанады.
 azattyq.org

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста