Америкада нағыз вампирлер арасында сауалнама жүргізілді

Америкада нағыз вампирлер арасында сауалнама жүргізілді

Америка ғалымдары нағыз қансорғыштар арасында сауалнама жүргізді, олар қосалқы мәдениетке ғана жатпайды, олар қуат алу үшін расында да қан ішеді, - деп хабарлайды Lenta.ru. Қансорғыштар өз проблемаларымен бөлісіп, неліктен жасырын өмір салтын ұстанатындарын айтып берді.

Қансорғыштарды 10 жылдан бері зерттеп келе жатқан, еңбектің авторы Д.Дж.Уильямстың айтуынша, ол адамдар қоғамның әр тобына жатады - араларында заңгерлер, дәрігерлер мен қолөнершілер бар. Олар өз ерекшеліктері туралы дәрігерлерге айта бермейді, себебі психологиялық ауруға шалдыққан деп есептейді деген қауіп бар. Сауалнамаға қатысқандардың айтуынша, олардың барлығы әрдайым шаршаңқы күйде жүрде және сол шаршаңдық донор іздеуге мәжбүрлейді, олар қанымен бөлісуге дайын адамдарды іздейді. Көп жағдайда ересек адамдар келісімдерін беретін көрінеді, олар қанды сүзіп алу үшін тілік жасап, қансорғыштар оны ішеді.

Сауалнамаға қатысқандардың орташа жасы - 37. Олардың көпшілігі - әйелдер, сонымен бірге транссексуалдар бар. Олардың барлығына дерлігі пұтқа табынушылықты ұстанады. "Зерттеудің басты мақсаты - шын мәнінде қансорғыштар санының қоғамдағы есептен көп екенін көрсету. Көпшілік қансорғыш дегеніміз жасанды тістер таққан немесе "Сумеркидің" әуесқойлары деп ойлайды және соған сенімді. Алайда қансорғыштардың нағыз қауымдастығы ол стереотипке жатпайды. Сонымен қатар, ол қауымдастық адал әрі этикалық мінсіз өмір салтын ұстануға тырысады", - дейді Уильямс.

Ғалымның сөзіне қарағанда, қансорғыштар өздерінің осындай болып туғандарына сенімді, олар мұндай күйге жүре-келе түстік деп есептемейді. Уильямстың есебі бойынша, әлемде адам қанын ішетіндердің саны бірнеше мыңға жетеді.

kaz.tengrinews.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста