Америкалық журналист әйел алғашқы еркек секс-қуыршақты қолданып көрді
Америкалық журналист Карли Скиортино алғашқы еркек қуыршақты қолданып көрген. Мұндай манекенді осы тектес қуыршақтар шығаратын Sinthetics компаниясы жасапты.
Бұл туралы Vistanews.ru хабарлады.
Скиортино америкалық журналға еркектер мен әйелдердің қарым-қатынасы туралы жазады екен. Сондықтан да жасанды ер адам оның қызығушылығын тудырған. Айта кетейік, жыныстық қатынасқа арналған әйел қуыршақ әлемде бұрыннан бар. Ал еркек нұсқасы осы уақытқа дейін болмаған.
Жасанды еркекпен төсек қатынасы Карлиге қатты ұнапты. Ол бұның сөйлемейтіні болмаса, кәдімгі тірі адаммен болған қатынастан айырмашылығы жоқ деп отыр. Сондықтан кей әйелдердің әңгімелескенді ұнатпайтынын ескерсек, жаңа қуыршақ оларға еркектің орнын алмастыра алады.
Аталған компания өкілдерінің айтуынша, бұл тауар қазір үлкен сұранысқа ие екен. Оны порножұлдыз Джессика Райан да алыпты. Енді сондай "еркекпен" киноға түсіп жатыр екен.