Антальяда кәмелетке толмаған қазақ және қырғыз қыздары секс-құлдықтан босатылды
Антальядағы арнайы операция кезінде жеңгетайлық айыбымен төрт күдікті ұсталды. Олар үлкен табыс уәде етіп, Түркияға ондаған шетелдік қыздарды алып кірген, - деп хабарлайды Son Dakika.
БАҚ мәліметі бойынша, сегіз елден тұрмыстық жағдайы қиын әйелдер Түркия аумағына кіргізілген. Қылмыстық топ мүшесі ретінде Украина азаматы да ұсталған.
Құтқарылған он адамның төртеуі украиналық, екеуі - грузиялық, біреуі молдовалық, тағы біреуі қырғызстандық және екеуі қазақстандық қыздар.
Бұл он қыздың сегізі бірден ел аумағынан шығарылып, отанына қайтарылды. Ал жауап алынғаннан кейін екі қызды босатқан.
Полицейлердің мәліметінше, қыздардың арасында кәмелетке толмағандар бар.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу