Ақ нәсілділер азайып келеді
АҚШ тұрғындарының нәсілдік-этникалық құрамы әр алуан. Алайда, аталған елде саяси, экономикалық жағынан әрі осы уақытқа дейін саны жағынан да басым ақ нәсілді азаматтар қарасы жылдан жылға айтарлықтай азайып келеді.
Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде АҚШ-тың санақ бюросы келтірген дерекке жөн сілтеген The Washington Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.
Бүгінде АҚШ аумағынан әлемнің барлық түкпіріндегі ұлт пен ұлыстың өкілдері кездеседі. Яғни, бұл жағынан АҚШ-тың алдына түсетін ел жоқ.
Десе де АҚШ-тағы ақ нәсілді тұрғындар қарасы 1790-шы жылдардан бері алғаш рет азайып келе жатқаны байқалып отыр.
Санақ мәліметі бойынша аталған елдегі испан тілді азаматтардың саны 204,3 млн адамға кеміген.
Бұған қоса, ақ нәсілділер қарасы алғаш рет алпыс пайыздан аспай отыр. Ақ нәсілді азаматтардың үлесі 2010 жылы 63,7 пайызды құраса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 57,8 пайызға дейін құлдыраған.
АҚШ аумағында бүгінде латын америкалықтар мен азиялықтар қарасы көп. Брукингс институтының Уильям Фрей есімді демограф ғалымының бұл бағыттағы зерттеу нәтиесі көрсеткендей, 2045 жылға қарай аталған елдегі ақ нәсілді азаматтар қарасы 50 пайызға да жетпейтін болады.
Осы орайда сәуір айында ақ нәсілділердің өмірін қорғауға қатысты шеру өткенін айта кету керек, алайда, оған бар-жоғы бір-ақ адам қатысқан болатын.