АҚШ-та торнадо 25 адамның өмірін жалмады
АҚШ-тың Миссисипи штатында торнадо дауылы тұрып, 25 адам мерт болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туалы ҚазАқпарат тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап жазды.
Табиғат құбылысынан Роллинг-Форк қаласы қаттырақ зардап шекті. Қалада жүздеген ғимарат қирап, ондаған адам жарақаттанды.
АҚШ Президенті Джо Байден бірнеше округте төтенше жағдай режимін жариялады. Зардап шеккендерге көмек беруді тапсырды. Соны ішінде уақытша баспана тұрғызу да бар. Бүлінген инфрақұрылымды қалпына келтіріп, тұрғын үйлері сақтандырылмағандарға жеңілдікпен несие беру қажеттігін айтты.
Айта кетсек, 2011 жылғы сәуірде осы штатта торнадо тұрып, 31 адам ажал құшқан еді.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу