АҚШ-тың келесі президенті кім болады?
Жазушы Марианна Уильямсон 2024 жылы өтетін АҚШ президенті сайлауына түсетінін мәлімдеді.
Ол қазіргі президент Джо Байденге ресми түрде қарсы шыққан алғашқы демократ кандидат. Танымал тележүргізуші Опра Уинфридің 70 жастағы бұрынғы рухани кеңесшісі Уильямсон, Байденге тек символдық тұрғыдан қарсылас болады, дейді сарапшылар. Демек, демократтардың Джо Байденнің айналасына біріккенін байқатады деген пайым бар. 2020 жылы да президент болуңа талпынған Мариана Уильямсон «Жаңа бастама» және «Жүйені жою» деген бірнеше ұрандар жазылған үгіт плакаттарын алып шықты. Ол мерзімінен бұрын дауыс беретін штаттарда, соның ішінде Нью-Гэмпширде үгіт-насихатын бастауды жоспарлап отыр.
Марианна Уильямсон, Президенттікке кандидат: - Мен сіздерден қайырымдылық күтемін, сіздердің ерікті болуларыңызды сұраймын. Маған сіздердің көмектеріңіз керек. Тағы да қайталаймын, мені тыңдаңыз. Ендігі кезек бізде. Қанекей бірге соны жасайық. Көп рақмет.