Ауғанстан Орта Азияны сусыз қалдыруы мүмкін мегақұрылыс жобасын жүзеге асыруда

Ауғанстан Орта Азияны сусыз қалдыруы мүмкін мегақұрылыс жобасын жүзеге асыруда

2022 жылдың наурыз айында Ауғанстанның солтүстігінде Күш-теп иррригациялық тоған құрылысын бастаған болатын. Содан бері арада бір жыл мерзім өтті. Ауғанстан бұл тарапта өз ұстанымынан қайтпайтынын білдірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл жайында islam.kz тілшісі kun.uz ақпарат көзіне сілтеме жасап жазды.

Құрылыс жұмыстары алты жылға шақталған, 60 млрд ауған ақшасы (666,8 млн доллар) жұмсалатын, 280 шақырымға созылатын тоған жүйесі 50 мың гектар аумақты суғаруға жетеді. 

 

Алайда, ауғандар Балқы провинциясынан бастау алатын оның суын 600 мың гектар жерді суғаруға жететіндей етіп жобалауда.

 

Ал су шаруашылығын үйлестіру жөніндегі мемлекетаралық комиссияның (МККК) мәліметі бойынша Әмудария бассейніндегі суармалы жерлердің орташа көлемі 3,8-4 млн га құрайды.

 

Күш-теп - Ауғанстандағы жалғыз су жобасы емес. Сонымен қатар, Дешті-Жун су электр кешенін салу да жоспарлануда. Ол 2030 жылға қарай Тәжікстанмен шекаралас Пянж өзенінде бой көтеруі тиіс.

 

Ауғанстанның бұл әрекеті Әмудариядан қып-қызыл пайда көріп отырған өзбектердің түн ұйқысын қашыруда. Өзбекстан республикасының президенті өткен жылы ресми Кабулмен келісімге келмек болған әрекетінен түк шықпады. Тіпті, әлем қауымдастығын да аймақтағы елдердің мүддесін ескеруі тиіс деген талап қойған болатын.

 

Егер ауғандар бұл жобаны аяқтаса Әмударияның суы 12-13%-ға ортайып, онсыз да қуаңшылық жайлаған Орта Азия экологиясына айтарлықтай залал келтірмек.

 

Бұдан бөлек, ең алдымен Өзбекстанның ауыл шаруашылығы зардап шегеді.

 

2022 жылы Әмудария бассейніндегі су деңгейі 65-85%-ға дейін өмендеп кеткен еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста