Азия елдерінде температуралық рекордтар тіркелді
Қытай астанасында күн шыжып тұр. Синоптиктер әзірге аптаптың беті қайтпайды деп санайды. Кеше Шанхайда да күн қатты ысып кетіп, кейінгі 100 жылда болмаған жоғары температура тіркелді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Негізі Азияның өзге елдеріндегі жағдай да осыған ұқсас. Вьетнамда маусымның аяғына дейін күн ыстық болады. Осыған байланысты мамандар өрт шығу қаупі жоғары екенін ескертеді.
Сингапур мен Таиландта да температуралық рекордтар тіркелген. Сарапшылар мұның бәрі климаттың өзгеруінің салдары екенін айтады.
Сонымен қоса олар болашақта мұндай жағдайлар жиілейтінін де болжайды.
- Далаға шығар алдында күннен қорғайтын кремді жағып аламын. Тыста бас киіммен ғана жүремін.
- Мен құрылысшымын. Аптап ыстыққа байланысты кестемізді өзгерттік. Түскі үзіліске ерте шығып, түнге дейін жұмыс істейміз. Бұған дейін басымнан күн өтіп кетіп, ауырып қалған едім. Сондай жағдай қайталана ма деп қорқамын. Сол үшін суды көп ішіп жатырмын.