Азық-түлік карточкалары қайта пайда болды

Азық-түлік карточкалары қайта пайда болды

Көрші елде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін 20 миллионнан астам адам бар. Ресей үкіметі халыққа көмек ретінде азық-түлік бағдарламасын бастайтынын жариялады. Оның бірінші кезеңінде 15 миллион мұқтаж азаматқа азық-түлік карточкасы таратылады.

Бағдарламаның ел экономикасына тигізетін әсері қандай болмақ? Мұндай көмек мұқтаж жандарды кемсіту емес пе деген сұрақтар туындап жатыр. Ресейліктердің жадында азық-түлік карточкалары деген тіркес Кеңес кезеңіндегі тауар тапшылығы, соғыс пен тоқсаныншы жылдардағы дағдарыс сияқты қорқынышты оқиғалармен қалып қойған. Үкімет болса бұл мүлдем басқа жағдай деп халықты тыныштандырып әлек.

Жаңа бағдарлама америкалық Food Stamp Program жүйесіне өте ұқсас. АҚШ-та 40 жылдай тарихы бар бұл бағдарлама бойынша қазір мұқтаж жандарға айына 125 доллар көлемінде көмек көрсетілсе, Ресейдегі бұл көмектің мөлшері бес есе кем. Теңгемен санағанда жеті жарым мыңға тең. Карточка арқылы ет, сүт, балық сияқты азық-түлікті алуға мүмкін болады, есесіне арақ-шарап, темекі дегендерді сатып ала алмайсыз.

«Соғыс жылдарындағы тапшылық кезінде карточкамен ұн мен қантқа кезекке тұрғанымыз бар. Әлі есімде. Қазір де азық-түлік карточкаларын берсе, алар едім», - дейді зейнеткер Георгий Балашов.

«Одан да зейнетақыны ұлғайтсын. Дұрысы сол. Карточка дегендері жарамайды. Экономиканы жетілдіріп, азаматтарға лайықты еңбекақы мен зейнетақы төленсе, ешқандай карточканың қажеті жоқ», - дейді қала тұрғыны Елена Петрова.

Дегенмен, осы бағдарлама арқылы кедейліктің алдында тұрған 15 миллион ресейліктерге көмек көрсетілмек. Жаңа жүйе бойынша олар тек Ресейде өндірілген тауарларды сатып алуға құқылы. Үкімет осы жоба арқылы сауда-саттық, тамақ өнеркәсібі мен ауылшаруашылығы саласына да қол ұшын созбақ.

«Елімізде аштан өліп жатқандар жоқ, мәселе басқада болып тұр. Дағдарыс салдарынан халықтың тұрмыс деңгейі төмендеп бара жатқан жағдайда сұраныс та азаяды. Бұл отандық өндірістің құлдырауына әкеліп соғады. Сөйтіп бізге экономикалық дағдарыстың шеңберінде қалу қаупі төніп тұр. Азық-түлік карточкалары бұл шеңберден шығудың тиімді жолы», - дейді Аймақтық мәселелер институтының бас директоры Дмитрий Журавлев.

«Аз уақыттың ішінде Ресейде шектен тыс кедей тұратын адам саны 14 милионнан 20 миллионға жетті. Олардың бір күндік табысы 3 доллардан кем деген сөз. Оларға мемлекет тарапынан көмек көрсету керек екендігі сөзсіз. Бұл көмек кедейлерді кемсітеді деп ойламаймын», - деп санайды Экономика жоғары мектебінің профессоры Александр Абрамов.

Бұл – бағдарламаның бірінші кезеңі. Келесі жылы әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға асханаларда ақысыз тамақ беру шарасы жоспарланған. Ресей үкіметі осы карточкалық жүйені іске асыру үшін үш жылда 240 миллиард рубль жұмсамақ. Долларға шаққанда бұл – 4 миллиард АҚШ долларына тең ақша. Экономистердің жартысы бұл шараның тиімділігіне сенгенімен, өзгелер мұндай күрделі жүйенің орнына зейнетақы мен жәрдемақыны ұлғайтса дұрыс болар еді дейді. Ал жәрдемге мұқтаж жандар болса елде қалыптасқан қиын жағдайда мемлекет тарапынан қандай көмек болса да қабыл алуға дайын.

baq.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста