"Бала көтертпейтін дәрі сатылмайды": Ауғанстанда тәліптер тағы тыйым салды
Тәліптер Ауғанстанның ірі шаһарларында әйелдерге бала көтерпейтін дәрі-дәрмекті сатуға тыйым салды.
Олардың пайымынша, бұл – батыс мемлекеттерінің елдегі халық санын азайтуға бағытталған қастандық әрекеті. Сарапшылар тиісті шектеу елдің денсаулық сақтау саласындағы ахуалды одан бетер ушықтырып жібере ме деп алаңдайды. Өйткені Ауғанстанда 14 әйелдің біреуі жүктілік кезінде көз жұмады. 2021-ші жылы билік басына келген тәліптер бұған дейін қыз-келіншектердің университетте оқуына тыйым салған еді. Сондай-ақ олар жанында ер адам болмаса, әйелдердің көшеде жалғыз жүруіне де рұқсат бермей отыр.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу