Бен Ладен әйгілі 11 қыркүйек трагедиясын 1999 жылғы ұшақ апатынан соң жоспарлаған
«Әл Каида» ұйымының көшбасшысы Усама бен Ладеннің АҚШ-та 2001 жылы қыркүйекте жасаған терактісіне, екі жыл бұрын Египет ұшағының құлағаны себеп болуы мүмкін.
Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
2011 жылы 11 қыркүйекте «Әл-Каида» ұйымы Нью-Йорктегі әйгілі терактіні ұйымдастырған болатын.
Өткен жылдың маусым айында АҚШ-тың ұшқышсыз ұшақтарының арқасында көзі жойылған Бен Ладеннің бұрынғы кеңесшісі және «Әл Каида» ұйымының Йемендегі басшысы Әл-Вухаишидің құпия хаты табылған. Онда жазылған мәліметтер бойынша, атақты 11 қыркүйек оқиғасының жасалуына, екі жыл бұрынғы әуе апаты ой салған-мыс.
Нью-Йорктің Кеннеди әуежайынан ұшып шыққан EgyptAir ұшағын ұшқыш басқа жаққа бағыттап, нәтижесінде әуе кемесі жарылған еді. Кейінірек ұшқыштың ғимаратқа соғылып емес, лайнерді мұхитқа бағыттамақ болғаны анықталған.
Усама бен Ладен 2011 жылы мамыр айында америка арнайы жасағының арқасында қолға түсіп, өлтірілді.
stan.kz