Британдық отбасы 36 жыл бойы көне құмыраны есікке тіреуіш ретінде пайдаланған
36 жыл бойы бирмингемдік жанұя есікке тіреуіш ретінде пайдаланылып келген 300 жылдық тарихы бар ескі құмыра аукционда 650 мың фунт стерлингке сатылды, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.
Олардың үйіне аукцион үйінің қызметкері кездейсоқ келмегенде, жәдігерді қандай тағдыр күтіп тұрғаны беймәлім еді. Тәжірибелі маман құмыра құнының жоғары екенін айтып, қожайындарға оны бәссаудаға шығаруды ұсынады.
- Құмыра бұл үйде 1980 жылдан бері бар, қожайындары оның құнды жәдігер екенін білмеген. Тек құмыраның 1930 жылдары антиквариат алып сатумен айналысқан туысы - Фло апайынан мұраға қалғанын біледі, - деді бағалаушы Адриан Рэтбоун.
Құмыраның жаңа иесі қытайлық коллекционер болашақта құмыраны кем дегенде миллион фунтқа сатуды жоспарлап отыр.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу