Діңгекті жасушалардан шәуһат жасалды. Бұл белсіздік пен бедеулікті емдеуде көмектеседі
АҚШ-тағы Йеркс ұлттық маймалдарды зерттеу орталығының ғалымдары маймылдардың діңгекті жасушаларынан шәуһат «өсірді».
Бұл жаңалық өз кезегінде бедеуліктен немесе белсіздіктен зардап шегетін науқастарды емдеуде көмектесуі мүмкін.
Бұл жайында islam.kz порталы fertstertscience.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.
Дәлірегі, америкалық ғалымдар маймылдардың ұрық діңгекті жасушаларының көмегімен функциялы шәуһатты өсіре алған. Онымен маймылдың ұрғашысын ұрықтандыруға болады.
Аталмыш технологияны бала көтере алмай жүргендерге қолдануға болатынын алға тартып отыр ғалымдар. Өйткені, макака маймылының ұрықтану тетіктері адамдікіне ұқсас. Яғни, белсіздіктен зардап шегетін ер адам ұрығының діңгекті жасушаларынан шәуһат өсіруге болады.
Дегенмен бұл тараптағы тәжірибе әлі жалғасатын болады. Ұрықтың дұрыс дамуы мен ұрпақтың дені сау болуы үшін.