Екі адам әуежайында туристерден 8 миллион еуро ұрлаған
Каталония аймақтық полиция қызметкерлері (Mossos d'Esquadra) Барселона әуежайында ресейлік туристер 8 млн-нан астам еуросын (8,75 млн АҚШ доллары) тонатып алғаны туралы хабарлама түскен соң екі ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Xinhua-ға сілтеме жасап жазды.
Полиция тонау сәрсенбі күнінің кешінде болғанын растады.
Ресейлік туристер Барселонадағы Эль-Прат әуежайының 1-ші терминалындағы тіркеу аймағында тоналды.
Полицияның мәліметінше, күдіктілер ішіне зергерлік бұйымдар мен қымбат сағат салынған әйгілі Louis Vuitton брендінің кішкентай сөмкесін өздерімен бірге алып қашып кеткен.
Бұл Испаниядағы ең үлкен тонау болды. Сөмкеде құны 5 млн доллардан асатын 47 караттық алтын сақина және 20 мың еуро қолма-қол ақша болған.
Туристер заттарының жоғалғанын көріп, дереу полицияға жүгінді.
Бейнебақылау камераларындағы жазбалар полицияға ұрлыққа күдіктілерді, олардың көлігінің маркасы мен нөмірін анықтауға және қаскүнемдерді жедел ұстауға көмектесті.
Сөмке мен оның ішіндегі заттар бірнеше сағат ішінде иелеріне қайтарылды.