Еуропарламентте депутаттар істі болып жатыр
Еуропарламент Страсбургтегі пленарлы сессияда тағы 2 депутатты мандатынан айыру ісін бастады. Олар – италиялық Андреа Коццолино мен бельгиялық Марк Тарабелла.
Мұндай өтініш Бельгия билігі тарапынан келіп түскен. Қос депутат Еуропарламенттің бұрынғы вице-президенті Ева Кайли ісіне байланысты күдікке ілінген. Бірақ Тарабелла мен Коццолино өздеріне тағылған айыпты мойындаудан бас тартып, тергеуге көмектесуге дайын екендерін айтқан. Екі депутатты мандатынан айыру 1 айға созылуы мүмкін. Еуропарламент басшысының бұрынғы орынбасары Ева Кайли мен италиялық евродепутат Антонио Панцерри және еуропарламенттің 2 қызметкері өткен желтоқсанда сыбайлас-жемқорлықпен байланысты ұсталды. Оларға Катар мен Марокконың мүддесін қорғап, пара алды деп айып тағылған.