Филиппинде 6 балдық жер сілкінісі болды
Бүгін Филиппинде магнитудасы 6,0 болатын жер сілкінісі болды. Бұл туралы Филиппиннің вулканология және сейсмология институты мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 02:10-да тіркелген, ошағы Лусон аралындағы Масбате провинциясының Батуан қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 11 шақырымдай жерде 10 шақырым тереңдікте болған.
Зілзала Лусон мен Филиппиннің орталық бөлігінде, соның ішінде Албай провинциясындағы Легаспи қаласында, Сорсогон, Солтүстік Самар, Батыс Негрос және Оңтүстік Лейтеде де сезілді.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.
АҚШ геологиялық қызметі жер сілкінісінің магнитудасы 6,1, тереңдігі 20 км деп бағалады.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу