Франция халықы зейнетақы реформасына қарсы наразылыққа шықты
11 наурызда Францияда зейнетақы реформасына қарсы миллионнан астам адам наразылық шеруіне шықты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews порталына сілтеме жасап.
Кәсіподақ мәліметінше, шерушілер саны миллионнан астам болса, елдің Ішкі істер министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды. Олар бүкіл Франция бойынша 370 мың наразылық білдіруші екенін айтады.
Шерушілер үкіметтің зейнет жасын бұл жолы 64 жасқа дейін көтеру ниетіне қарсы. Ал ел билігі бұл Францияның зейнетақы қорының қарызын азайтуға көмектеседі деп отыр.
"Зейнетақы реформасы бір бөлек, жалпы наразылық та жиналып қалды. Сондықтан көшеге шығу керек, шайқассыз ештеңеге қол жеткізе алмаймыз", - дейді наразылық білдірушілердің бірі.
Парижде қақтығыстар мен тәртіпсіздіктер болып, 30-дан астам адам ұсталды.