Командирлер нәпсісін басу үшін гаремде ұл балаларды ұстағанын білесіз бе?
Ауғанстандағы дала командирлеріне тән ерекше құпия бар. Бұл бірталай жылдардан бері жалғасып келе жатқан үрдіс. Яғни, олар әлі күнге әскери бекіністерінде жас балаларды сексуалдық құлдықта ұстайды, деп хабарлайды Экспресс К.
Ауғанстандағы дала командирлерінің адам шошырлық құпиясы әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбада олардың өз әскери қосынында негізінен жас балаларды зорлықпен ұстағаны айтылады. Яғни, қыз-келіншектерге қарағанда, әскерилер ұл балаларға әуес.
Әлем бейхабар мәселені АҚШ әскерилері жайып салды. Бұл сырды жергілікті тұрғындар жақсы біледі. Бірақ ол туралы жақ ашса, ертеңінде тұрғынды таппайсыз. Бірден көзін құртады. Сондықтан жергілікті халық дала командирлерінің бұл әрекетін айтқан емес, — делінген бейнежазбадағы ақпаратта.
Сонымен қатар, бұл бала саудасына, балаларды сексуалдық құлдықта ұстау ісіне сарбаздар мен полиция да жиі араласады екен.
Біз әр түні кішкентай балалардың шыңғырған даусын еститінбіз. Бірақ бізге олардың әрекетіне араласуға тиым салынған, — деп еске алады АҚШ әскерилері.
Негізінен, Ауғанстандағы командирлердің құзыры жоғары. Олар бүтін бір ауылды өз иелігінде ұстайды. Содан да болар өз қарамағындағы тұрғындарға ойына келгенін істейді. Сонымен қатар, мұндай қадамға көбінесе тұрғындар аштықтың салдарынан барып жататын көрінеді.