Күйеуі қолын шауып тастаған әйел өзінің аянышты өмірі жайлы баяндады (фото)

Күйеуі қолын шауып тастаған әйел өзінің аянышты өмірі жайлы баяндады (фото)

Ресейлік Маргарита Грачеваның қолын қызғаншақ күйеуі 2017 жылы шауып тастаған. Жарынан қорлық көрген әйел қазір жасанды қол салдырып, ауруханадан үйіне оралған. Ол өзінің аянышты өмірі мен бүгінгі күйге қалай түскені туралы айтып берді деп хабарлайды rambler.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Қолына жасалған отадан кейін Рита ыстық пен суықты да ажырата алмай қалыпты. Енді ғана біртіндеп емделіп келе жатқан мүшесі қатты ашуланса дірілдеп, өзіне бағынбай кетеді екен.

"Жаңа қолыммен үйдегі шаруалардың барлығын атқаруды қайта үйреніп жатырмын. Енді бұрынғысынша өз бетіммен жұмыс істей алатыныма қуанамын", - дейді ол.

Маргаританың сөзіне сүйенсек, оның күйеуімен болған қорқынышты оқиғасы БАҚ беттерінде тарап кеткен соң, кей адамдар көшеде де танып жатады екен. Оған қоса әлеуметтік желіде танысқысы келетіндер мен кеңес сұрайтындар көп дейді ол.

Бүгінде жәбірленген әйел денсаулығын қалпына келтіріп жүргенде, оның бұрынғы күйеуі тергеушілер алдында жауапқа тартылып жатыр. Дмитрий Грачевтің соты жақын күндері болады деп жоспарланып отыр екен.

Осыған дейін сот алқасы Грачевтің жасаған қанды қылмысына қарамастан, оны ата-ана құқығынан айырмау туралы шешім шығарған еді. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста