Лондон метросындағы жарылыс лаңкестік әрекет деп бағаланды
Британдық полиция лондондық жерасты метросында болған жарылысты лаңкестік әрекет деп айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
Жарылыс, 15 қыркүйек жұма күні метро пойызында Парсонс Грин (Parsons Green) станциясында орын алды. Беттерін күйік шалып жарақат алғандар бар екені белгілі, алайда олардың нақты саны айтылмайды. Кейіннен жарылыс қолдан жасалған жарылғыш құралдың көмегімен іске асқаны белгілі болды.
Жергілікті уақыт бойынша сағат 13.00 осы оқиғаға байланысты британдық премьер Тереза Мэйдің төрағалық етуімен Cobra комитетінің отырысы өтеді. под председательством британского премьера Терезы Мэй. Cobra комитетінің құрамына үкімет, шұғыл қызметтер және арнайы қызметтер мүшелері кіреді.
Парсонс Грин — Лондонның батыс бөлігінде орналасқан. Ол жерде шетелдіктер мен студенттер көп тұрады.