Маска киюден бас тартқан әуе жолаушысы ұшақ ішінде қасақана жөтеле бастаған (видео)
Бетпердесіз жолаушы Белфасттан (Солтүстік Ирландия) Эдинбургке (Шотландия) ұшып кеткелі тұрған ұшақта жанжал шығарды деп жазады 120.su.
 
Әуе жолаушысы бетперде киюден бас тартқандықтан, EasyJet компаниясының қызметкерлері полиция шақырып, әйелден ұшақтан кетуін талап етеді. Бұл талапқа қатты ашуланған әйел ұшақта жанжал шығарған.
 
Ол "коронавирус бар немесе жоқ екені маңызды еместігін, бәрі ерте ме, кеш пе өлетінін" айтып, айқайға басады. Онымен қоймай, өзгелерге қарап, қасақана жөтеле бастаған әйелді салоннан қуып шықпасқа амал қалмаған.
 
Бұл жайттың видеосы Twitter желісінде 9 қазан күні тарап, 1,8 млн қаралым жинап үлгерді.
 
Пікір қалдырушылар екіге бөлініп, бірі әйелді даттаса, енді бірі жақтауға көшкен.
 
Жақтағандардың дені кішігірім бетпердеге бола әйелді жолынан қалдырғаны дұрыс болмады деген пікірде.
 
Ал өзге тарап заңды барлығы сақтауға міндетті екенін алға тартуда.