Медбикенің науқасты ұрып жатқан сәті видеоға түсіп қалды
Желіде медбикенің палатадағы науқасты аяусыз ұрып жатқаны түсірілген видео пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Pdmnews.ru сайтының хабарлауынша, видео Кострома қалалық ауруханасының жарақат бөлімінің палатасында түсірілген. Кадрлардан медбикенің пациентті - төсекте жатқан әйелдің қолынан және бетінен бірнеше рет ұрғаны көрінеді.
Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің аймақтық штабы бұл қызметкердің кім екені әлі анықталмағанын айтты.
“Мониторинг барысында осы бейнежазбаны анықтадық. Аталған факті бойынша тергеуге дейінгі тексеріс тағайындалды, мұндай әрекеттерге құқықтық баға береміз. Бұл кім екенін анықтау керек - мейірбике немесе тазалаушы. Осы жағдайлардың барлығы нақтылануда”, - деп атап өтті ведомствода.
Сондай-ақ, облыстық денсаулық сақтау департаменті тексеруді бастады.
Кейін клиниканың бас дәрігері Евгений Нечаев басылымға науқасты ұрғаны үшін медбике жұмыстан босатылатынын, оқиға болған бөлім меңгерушісі де жұмысынан айырылатынын айтты.
“Ол жұмыстан шығарылады және материал прокуратураға міндетті түрде жіберіледі, өйткені бұл қылмыстық іс. Ол байланысқа шықпайды. Сондай-ақ, қарамағындағыларды бақылай алмағаны үшін бөлім меңгерушісі жұмыстан шығарылады. Бұл бөлім қызметкерлерімен жұмыс барлық жағынан қатаң бақылауға алынады”, - деді ол.