Моншада заттарын ұрлаған сыған әйелді ұстамақ болған келіншек оны жалаңаш қуды (видео)
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында үйінен заттарын ұрлап кеткен сыған келіншектің соңынан тыр жалаңаш әйел қуғын салған. Бұл туралы Life.ru ақпарына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.
Осы көрініс түсірілген видео артынша әлеуметтік желіден орын алған.
Оқиға былай болған. Петербургтің Пилотов көшесі бойындағы моншада шомылып жүрген 35 жастағы әйел өзінің заттарын ұрлап кеткен сыған келіншекті қуып жетпекші болып, жамылғы жамылған күйінде көшеге атып шығады. Ол заттарын алып бара жатқан әйелді есіктің аузында байқап қалады да, сүлгісін алдына жаба салып, артынан айқайлап, тұра жүгіреді.
Воронежден келген әйелдің айтуынша, ұры «40-тардағы сыған немесе армян әйелі» болуға тиіс. Оны ұстап алмақ болып, көшеге шығып кеткен әйел қылмыскерді көлігіне дейін қуып барады.
Зардап шегуші сыған әйел көлігінің есігінен ұстап үлгереді. Сол кезде ол газды басып, тұрған орнынан тез жүріп кетеді. Машина әйелді бірнеше метр жерге дейін сүйреп әкетеді. Бұл асфальтқа құлап барып, тұтқадан қолын ажыратады.
Қазіргі таңда зардап шегуші әйел ауруханада жатыр. Петербургтің құқық қорғау органдарының қызметкерлері воронеждік әйелдің заттарын ұрлап кеткен ұрыны іздестіру үстінде.