Өз-өзіне тұрмысқа шыққан 30 жастағы әйел тойына 4000 доллардан аса қаражат жұмсаған
30 жастағы америкалық Денни есімді әйел өзіне тұрмысқа шығуды ұйғарып, салтанатты неке қию рәсімін ұйымдастырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ
Mirror басылымына сілтеме жасап. Басылымның ақпаратына сенсек, Денни өзінің тойына 4 мың доллардан астам қаражат жұмсаған. 2022 жылғы 10 желтоқсанда 30 жастағы Дэнни отбасы мен достарын жинап салтанатты түрде той жасаған. Кеште қалыңдықтың тоғыз құрбысы болған, олардың бірі тойда неке қию рәсімін жүргізген. Ол Денниден өзіңді бағалауға, жақсы көруге және сыйлауға уәде бересің бе деп сұрағанда, Дэнни уәде беретініне ант етіп, алдында тұрған айнадағы өз бейнесін сүйген. Дэннидің айтуынша, бұл салтанатты кеш оған өзіне деген махаббатын ашық айтып, өзін қаншалықты бағалайтынын көрсетуге мүмкіндік берген. "Бала кезімде тойларда жиі болдым. Мұндай салтанатты кештердегі қуаныш, махаббат, адалдық санамда қалды. Сондықтан, ерекше күнімді отбасыммен, достарыммен бөліскім келді. Өткен өмірімде қиын сәттер болғандықтан, ұзақ уақыт бойы өзімді жақсы көрудің не екенін білмедім. Бұл мені өз-өзіме тұрмысқа шығуға шабыттандырды. Өзім үшін өмір сүруді қолға алып, бәрін жаңадан бастау үшін осылай жасадым", - дейді Денни. Дэннидің отбасы бұл идеясын бірден қолдамағанымен, уақыт өте келе оның шешімімен келісіп, тіпті тойды өткізуін батылдық деп бағалаған.