Өзбекстанда кезектен тыс президент сайлауы науқаны басталды
Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясы 10 мамырда өткен отырысында кезектен тыс президенттік сайлау науқаны басталғанын хабарлады Azattyq Ruhy ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлау округтерін құру 15 мамырға дейін, ал сайлау учаскелерін құру 25 мамырға жоспарланған.
Сонымен қатар, республикада сайлаушылардың бірыңғай электронды тізілімі құрылады.
Саяси партиялар сайлау науқаны жарияланғаннан кейiн 3 күн iшiнде өздерiнiң уәкiлеттi өкiлдерiн тiркеу үшiн Орталық сайлау комиссиясына өтiнiш жасауы тиiс.
Сайлауға қатысу үшін партиялар 15 мамырға дейін құжаттарын тапсыруы қажет.
Президенттікке кандидаттар 17 мамыр мен 1 маусым аралығында ұсынылады. Кандидаттарды тіркеу құжаттары 2 маусымға дейін ОСК-на тапсырылуы тиіс.
Сайлау кодексіне сәйкес, сайлау науқаны басталғанға дейін төрт айдан кешіктірмей елде ресми тіркелген саяси партиялар президенттікке үміткер болуға құқылы.
Қазіргі уақытта Өзбекстанда бес партия тіркелген: Өзбекстан халықтық демократиялық партиясы (ХДПУ), «Миллий тикланиш» партиясы («Ұлттық жаңғыру»), «Адолат» Социал-демократиялық партиясы («Әділет»), Либералды-демократиялық партия (УзЛиДеП) және экологиялық партия.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 2023 жылдың 9 шілдесіне белгіленген мемлекет басшысының кезектен тыс сайлауын жариялады.