Пернетақта аңду құралына айналған
Қытай билігі мен IT-компаниялар, яғни, ақпараттық технология компаниялары азаматтарды аңдудың, ізін бағудың тың тәсілін қолданатын болған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі islam.kz-ке сілеме жасап.
Бұл туралы The Citizen Lab зертханасының киберқауіпсіздік мамандарына жөн сілтеген hi-tech ақпарат көзі мәлімдеген.
Камера – өткен ғасырдың аңду технологиясы болса, бүгінде азаматтарды жасырын қадағалау ақылға сыймайтындай көрінетін деңгейге жеткен.
Канадалық әзірлеушілер Қытайда танымал Sogou мобилді пернетақтасының пайдаланушы терген барлық мәтінді әлемге әйгілі Tencent IT компаниясының серверлеріне жіберетінін анықтап білді. Пайдаланушылар ештеңеден күдіктенбеуі үшін деректер құпия түрде жіберілген.
Ең қызығы, Sogou пернетақтасы әлі де App Store сияқты қолданбалар дүкен сөрелерінде тұр.
Канадалық сарапшылар аталмыш пернетақтаны әзірлеушілерімен және Tencent техникалық қолдауымен тікелей байланысқа шыққан екен. Олардың жауабы мейлінше таңқалдырып отыр. Tencent компаниясының өкілдері тыңшылық ететіндерін жасырмады, алайда, канадалық сарапшылардан бұл істі бұқаралық ақпарат құралдарында дабыратпай жылы жауып, бұл тақырыпты қазбаламауды сұраған.
The Citizen Lab мәліметі бойынша 450 миллионнан астам пайдаланушы осы аңду технологиясының құрбан болған. Әрбір сөз (соның ішінде құпия сөздер, логиндер және ашық хабарлар) белгісіз мақсатпен Tencent компаниясына жіберілген.
Ұзаққа созылған келіссөздерден кейін Sogou мен Tencent компаниясы бұл қателікті түзетуге уәде берді.
Сарапшылар аңдудың басқа да әдістері болуы мүмкін екенін алға тартып отыр.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz