Қолтырауынның туристер мінген қайыққа шабуылдаған видеосы тарады
АҚШ-тың Луизиана штатында алып қолтырауын серуенге шыққан туристердің қайығына секірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Мassaget.kz-ке сілтеме жасап. Бұл туралы Tengritravel.kz тілшісі Whiskeyriff сайтына сілтеме жасап жазды.
Қолтырауынның қайыққа шабуыл жасаған сәті видеоға түсіп қалған. Қайықта отырған адамдар жануардан қатты қорқатындарын атап өтті.
"Қорқынышты. Өте қорқынышты!" — дейді олар қолтырауынды еш қобалжымай суға қайта итеріп жіберген қайық иесінің ерлігіне таңғалып.
Туристер жергілікті тұрғындар үшін жыртқыш бауырымен жорғалаушылардың кездесуі қалыпты екенін атап өтті, мысалы, Оңтүстік Каролинада жолды кесіп өтіп бара жатқан бұғымен кездесу сияқты. Бірақ дайындығы жоқ адамдар үшін қолтырауынмен мұндай кенеттен кездесу жүрек талмасымен аяқталуы мүмкін.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz