Қырғыз оқушы қыздарының пәктігі тексеріліп жатыр деген ақпараттың мән-жайы анықталды

Қырғыз оқушы қыздарының пәктігі тексеріліп жатыр деген ақпараттың мән-жайы анықталды

Қырғыз республикасының білім және ғылым министрі Гүлмира Құдайбердиева БАҚ-та жарияланған пәктікті тексеру жайындағы ақпараттарға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Министр мұндай мәлімдемелерге қарсы шығып, мәліметтің негізсіз екенін айтты.

"Бұл далбаса! Мәліметтің негізі жоқ. Мұндайдың болуы да мүмкін емес, адамның қарапайым құқықтары бар. Бұл Денсаулық сақтау министрлігінің жоспарлы тексерісі шығар, мұндай болғанның өзінде қыздардың ғана емес, ұлдардың да жалпы денсаулығына жасалатын тексеріс болуы мүмкін", - деді ол.

Министр ведомствоның Денсаулық сақтау министрлігінен мәлімет алып, ресми түсінік дайындап жатқанын қоса айтқан.

Еске салайық, мұның алдында БАҚ-тарда Қырғызстанның кейбір мектептерінің басшылығы жоғары сынып оқушыларына гинекологиялық зерттеу жүргізіп жатқаны жайлы хабар тараған. Тексерістің мақсаты жыныстық қатынаспен ерте бастан айналысқан қыздарды анықтап, олардың ата-анасымен бірлесе жұмыс істеу делінген болатын.

Айта кетсек, мұндай шара Өзбекстанда да болған деген ақпараттар тараған.

Шенеуніктің айтуынша, оқушыларды гинекологиялық бақылауға жіберу туралы шешімді жергілікті билік Самарқанда Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевтің сөйлеген сөзінен кейін қабылдаған. Мемлекет басшысы бұл сөзінде осы облыста әйелдер мен қыздар арасындағы суицид жағдайының көбейіп кеткеніне алаңдаушылық білдірген.

Мирзиеевтің айтуынша, соңғы уақытта Самарқанда 145 әйел мен қыз суицидке барған.

Тengrinews.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста