Қырғызстан президенті даулы видеодан кейін Ош облысының басшысын қызметінен босатты

Қырғызстан президенті даулы видеодан кейін Ош облысының басшысын қызметінен босатты

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров бұған дейін әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін Ош облысының басшысын қызметінен босатты, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

«Садыр Жапаровтың тапсырмасы бойынша Ош облысы басшылығының қызметін тексеру үшін тиісті комиссия құрылып, нәтижесінде заңбұзушылықтар анықталды. Сондықтан бірқатар басшыларды қызметінен босату туралы ұсыныс енгізілді», — деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Қырғызстан Президентінің өкімі бойынша, қызметінен босатылды:

  • Президенттің Ош облысындағы өкілетті өкілі Зиядин Жамалдинов;
  • Президенттің Ош облысындағы өкілетті өкілінің орынбасары Данияр Жанықұлов;
  • мемлекеттік әкімшілік басшысы – Ош облысы Қара-Су ауданының әкімі Тұрысбек Ноғоев.


Эльчибек Жантаев Президенттің Ош облысындағы өкілетті өкілі болып тағайындалды.

Басылым мәліметінше, бұған дейін әлеуметтік желілерде Президенттің Ош облысындағы өкілінің орынбасары Данияр Жанықұловтың пара алып жатқаны туралы видео тараған. Бұл кадрларда Қара-Су ауданының әкімі Тұрысбек Ноғоев та бар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста