Қытай шекаралық сауданы жеңілдету науқанын бастады

Қытай шекаралық сауданы жеңілдету науқанын бастады

Қытайда негізгі өткізу пункттеріндегі бизнес-ортаны оңтайландыруға және трансшекаралық сауда рәсімдерін одан әрі жеңілдетуге бағытталған 2023 жылға арналған арнайы науқан басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Алты мемлекеттік мекеме, соның ішінде ҚХР Бас кеден басқармасы бастамашы болған науқан Бейжің, Тяньцзинь, Шанхай және Чунцин сияқты 12 провинцияның 17 қаласында бес ай бойы жалғасады.

Смарт-өткізу пункттерінің құрылысын тереңдету және оларды цифрлық трансформациялау, сондай-ақ сыртқы сауда индустриясын жаңғыртуды, бизнестің жаңа нысандарының салауатты және тұрақты дамуын қолдау бойынша шаралар қабылданатын болады.

Сондай-ақ, логистикалық сектордың және трансшекаралық кедендік ресімдеу үшін жеткізу тізбегінің қауіпсіз әрі үздіксіз жұмысын жақсарту, импорт пен экспортты орындау шығындарын стандарттау және азайту, сыртқы сауда субъектілерінің оңтайлылығын шешу шараларына күш-жігер жұмсалатын болады.

2022 жылы Қытай елдің 10 қаласында трансшекаралық сауданы жеңілдету үшін арнайы науқанды бастады. Акция аясында енгізілген барлық 10 реформа мен инновациялық іс-шара сәтті жүзеге асырылып, жергілікті кеден органдары шығарған 501 шара да айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста