Қызын секс-құлдыққа сатпақ болған ана жаға ұстатты
Ресейде кәмелетке толмаған туған қызын 1 млн рубльге (шамамен 5 млн 600 мың теңге) секс-құлдыққа сатпақ болған ана тергеушілердің қолына түсті деп хабарлайды ren.tv.
 
Мәскеуде тергеушілер мен қылмыстық іздестіру бөлімінің қызметкерлері кәмелетке толмаған қызын секс-құлдыққа сату үшін келген Тюмень қаласының тумасын ұстады.
 
Мәскеудегі тергеу комитеті бас кеңсесінің ресми өкілі Юлия Иванованың айтуынша, 37 жастағы әйел қызын секс-құлдыққа сататыны туралы хабарламасын интернетте жария етеді. Ол "сатып алушылардан" қызы үшін 1 миллион рубль талап еткен.
 
Мәскеудің солтүстігіндегі қонақ үйлердің бірінде қызын секс-құлдыққа сатпақ болған ана ақшаны алып жатқан сәтінде тәртіп сақшыларының қолына түседі.
 
Әйелге қатысты "Кәмелетке толмаған адамды сату" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
 
Жақын арада оған айып тағылып, тергеу комитеті сотқа күдіктіні қамауға алу туралы өтінішпен жүгінбек.