Ресей Сириядағы лаңкестік топ жасақтарына әуеден соққы жасауда

Ресей Сириядағы лаңкестік топ жасақтарына әуеден соққы жасауда

Cоңғы тәулікте әлем назары Сирияға ауды. Ресейдің әуе-ғарыш күштері ел аумағындағы «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» жасақтарына соққы жасауды бастады. Осылайша көрші ел аса ірі қарулы қақтығыстарға қатысушы болып шыға келді. Бұдан кейін ақпараттық соғыс белең алды. Ресей жағы «әуе шабуылы тек содырлар бекінген орындарға жасалып жатыр» дейді. Ал АҚШ болса, бұл соққылардан бейбіт тұрғындардың өлім құшып жатқанын айтудан танар емес.

Бұл - Ресей ұшақтары жасаған алғашқы әуе соққылары. Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметіне сай, шабуылдан 8 нысан жойылған. Олардың қатарында әскери техникалар мен қару-жарақ сақталған қоймалар, сондай-ақ лаңкестер бекінген басқару бекеттері бар.

Игорь Конашенков, Ресей Қорғаныс миниcтрлігінің ресми өкілі:

Таулы аймақтарда «Ирак-Левант лаңкестік тобы» жасақтары бекінген орындар толығымен жойылды. Сирия әскери штабынан алынған мәліметтер бойынша, әуеден тиісті барлау жасалған соң ғана, соққылауға кіріскенімізді баса айтқым келеді. Азаматтық инфрақұрылымдар орналасқан аумақтар мен оларға жақын маңға Ресей ұшақтарының шабуылы жасалған жоқ.

Пентагон мен Ресей Қорғаныс министрлігі бәтуаласа жұмыс істеуге көшкендей. Бұл БҰҰ Бас Ассамблеясы жиынындағы Обама мен Путин арасында жасалған «тарихи» келіссөздің жемісі болса керек. Екі елдің сыртқы саяси ведомстволары басшылары бір аптада үш рет кездескені де талай нәрсені аңғартады.

Сергей Лавров, Ресей сыртқы істер министрі:

Владимир Путин мен Барак Обаманың 28 қыркүйекте жасалған келіссөздері шеңберінде жұмыс істеп жатырмыз. Бұл құжат әсіресе қос мемлекеттің әскери тұрғыдағы тығыз қарым-қатынасын қарастырады.

Джон Керри, АҚШ Мемлекеттік хатшысы:

Біз Сириядағы қақтығыстарды мейлінше бейбіт жолмен шешуді қалаймыз. Бірқатар мәселелер әрі қарай да талқыланатын болады. Ең бастысы - кез келген формадағы шиеленістерді ушықтармай шешу.

Тараптар бір біріне кедергі жасамауға және әрбір қадамы жайлы ескертіп отыруға уағдаласқан. Тек бұл кейбіреулерге ұнамаған сыңайлы. Мәселен, екі ел басшысының Нью-Йорктегі кездесуін республикашыл сенатор Джон Маккейн сынға алды. Ол «Ресей АҚШ-тың саясатына көлеңке түсіретіндей әрекет етуді көздейді, сөйтіп, түптің түбінде Таяу Шығыстағы ықпалын күшейтуге әрекеттенеді» деген пікірін айтып салды. Маккейн осы мәлімдемесі арқылы Обама мүшесі болып табылатын демократтарды мұқатпақ болған сыңайлы. Және Сирия тақырыбы да оның бұл ойымен қабыса кетті.

Джон Маккейн, АҚШ сенаторы:

Президент Обамаға Американың көшбасшылық ұстанымын қайтаратын уақыт келгенін ескеркім келеді. Мұндай кездесулердің өтуі дұрыс емес. Ресей осыны ұтымды пайдаланып, АҚШ саясатына көлеңке түсіретін қимылға барары сөзсіз.

CNN болса, «бомбаланған аумақтарда содырлар жоқ, өліп жатқан бейбіт тұрғындар», деп ақпарат таратуда. Американдық журналистердің Лавровқа «Ресей ұшақтарының көздеген мақсаты не?» деген мағынада сауал қоюы отқа май құя түсті. Ол болса, Пентагонды тыңдамауға шақырумен шектелді.

Айта кетейік, Ресей Қарулы күштері 1991 жылдан бері Сирия аумағында әскери операция жасамаған. Ал АҚШ бастаған коалиция бұған дейін де Ирак пен Сириядағы содырлар ұйымдары бекеттерін бомбалағаны белгілі. Вашингтон, Сирияда тұрақтылық орнату үшін президент Башар Асад биліктен кетуі тиіс, деп санайды. Ал Мәскеу, керісінше, Асадтың режимін сақтап қалуға бейіл. Бұған дәлел, Башар Асадтың Ресей басшылығынан әскери көмек сұрауы. Кей деректерге қарағанда, «Ирак-Левант лаңкестік тобына» қарсы операцияға Ресейдің тек әскери-әуе күштері ғана қатыспақ.

astanatv.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста