Ресей үкіметі шенеуніктерге елден шығуға тыйым салды

Ресей үкіметі шенеуніктерге елден шығуға тыйым салды

Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин үкіметтегі барлық шенеуніктерге рұқсатсыз елден кетуге тыйым салды. Олар шетелге тек ресми шаруаларымен ғана шыға алады. Бұл жөнінде оқиғадан хабары бар дереккөзге сүйенген The Bell басылымы жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Азаттықтың ақпаратына қарағанда, елден шығуға рұқсат қағазға Мишустиннің өзі ғана қол қоюы тиіс. Ал мұндай шектеудің президент әкімшілігі қызметкерлеріне қатысы жоқ. Дереккөздердің бірі осылайша Мишустин "көзге түскісі келеді" дейді.

 

Наурыз айында "Настоящее время" арнасы Кремль қызметкерлерінің басым бөлігі тіпті басқа жаққа "баруды ойлай да алмайды" деп жазған. Президент әкімшілігінің кейбір қызметкерлері былтыр шетелге шыққанмен мұндай рұқсат қағазға тек президент әкімшілігінің жетекшісі Антон Вайно ғана қол қоюы тиіс болған.

 

Financial Times басылымы өткен аптада арнайы қызмет орташа дәрежедегі шенеуніктер мен мемлекеттік компания қызметкерлерінің паспортын тәркілей бастағанын жазған. Журналистер мұны "ақпарат қолды болып кете ме немесе шетелге қашып кете ме деген ойдан туындаған паранойяға" теңеген.

 

Президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "нәзік" сала қызметкерлерінің елден шығуына шектеу қойылғанын растаған.

 

"Кейбір жағдайда ол тек қағаз жүзінде ғана бар, кейбірінде нақты қызметкерлердің өзіне қатысты нақты шешім қабылданады" деді ол.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста