Сексеннен астам қыз-келіншекті өлтірген маньяк соғысқа барады: Ол кім?

Сексеннен астам қыз-келіншекті өлтірген маньяк соғысқа барады: Ол кім?

Сексеннен астам қыз-келіншекті өлтіргені үшін сотталған бұрынғы милиционер Михаил Попков Украинаға барып соғысқысы келетінін айтты. Бұл туралы Bugin.kz порталы «Тайга.инфо» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Ангара албастысы» аталған қылмыскер өзі зорлап, өлтірген әйелдер алдындағы күнәсін «арнайы әскери операцияда қан төгіп жуғысы» келеді. Бірақ маньяк-милиционер 15 қаңтар күні этаппен Иркутскіге жөнелтілді. Себебі ол сот процесі барысында тағы 2 әйелдің ажалына себеп болғанын мойындаған соң, ісі қайта тергеуге жіберілген.

«Егер мен өзімде тап осындай тілек бар десем, ол да шындық болып шықпайды. Өйткені бұл, соғыс деген – қалай дегенде компьютерлік ойын да, әлдеқандай бір керемет көркем кітап та емес. Ал егер нақпа-нақ, тура, шынайы айтар болсам, мен әлі аязды қаңтар-ақпанды өткеріп алуым керек. Мен үшін аяз – ең жаман нәрсе. Мен, бәлкім, соғысқа баруға ойланбастан-ақ келісетін шығармын. Тек қазір жылы баспанадан шығып, суық траншеяға топ ете қалуың қиын, оған және қанша адам сыяды?» – деді журналистерге берген сұхбатында Михаил Попков.

Сотталушының айтуынша, өзінде әскери-есепші мамандығы да бар, бірақ осы заманғы маман болу үшін тездетіп қайта бір оқып алуы керек.

Михаил Попков қылмысты 1992-2010 жылдары Ангардағы Орталық ауданның ішкі істер департаменті бөлімінде істеп жүрген кезінде жасаған. Ол өлтірген әйелдердің денелері Ангар қаласының, сондай-ақ Ангар, Усоль және Иркут аудандарының территорияларынан табылған. Марқұмдардың көбі шешіндірілген болып шықты, денелерінен зорлықтың белгілері табылған. Кейбіреулерінің ақшалары мен әшекейлері алынған.

Попковтың кейбір қылмыстарға қатысы барлығы молекулярлы-генетикалық сараптамалардан кейін 2012 жылы маусымда дәлелденген. 2020 жылы шілдеде ол Иркутскідегі №1 оқшаулағышқа (СИЗО) этаппен жеткізілді. Осы жерде қайта тергеу басталды. Өйткені ол 1995-1998 жылдары жасаған қылмыстарын жасырып қалған екен. Соңында жалпы 80 қылмыс жасағаны анықталды. Енді олардың қатарына тағы екі қылмыс қосылып отыр.

Михаил Попков бұған дейін өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілген еді. Жазасын Мордовиядағы колонияда арнайы киім тігіп өтеп жатты. Қазір соғысқа қатысу арқылы жазасын жеңілдеткісі, тезірек бостандыққа шыққысы келеді екен.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста