Сербияда тағы атыс: 8 адам қаза тауып, 13-і жарақат алды

Сербияда тағы атыс: 8 адам қаза тауып, 13-і жарақат алды

Сербиялық Младеновак қауымдастығындағы атыс салдарынан сегіз адам қаза тауып, тағы 13 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аzattyq-ruhy.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Novosti хабарлайды.

 

Белгілі болғандай, жеті адам ауыр жағдайда. Алдын ала мәліметтер бойынша, күдікті 21 жастағы жергілікті тұрғын, оны полиция қоршауға алып, келіссөздер жүргізуге тырысты. Жарияланымдағы бейресми ақпаратқа сәйкес, атыс жанжал аясында туындаған болуы мүмкін.

 

Оқиға орнында полицияның арнайы бөлімшелері жұмыс істейді.

 

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын жетінші сынып оқушысы Сербия астанасындағы мектептердің бірінде қарудан оқ атқан. Полицияның мәліметінше, сегіз оқушы мен мектеп күзетшісі қаза тапқан. Тағы алты бала мен мұғалім жарақат алып, жедел жәрдем орталығына жеткізілді.

 

Бұған дейін, 10 Сәуірде, 23 жастағы Коннор Стерген Луисвиллдің орталығындағы ескі Ұлттық Банк маңында атыс ұйымдастырған. Жас жігіт осы банктің қызметкері болған. Полицияның мәліметінше, Стерген AR-15 мылтығымен қаруланған. Ол кезде бес адам қаза тауып, алтауы жарақат алды.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста