Сингапурда 20 жылда алғаш рет әйел адам өлім жазасына кесілді
Сингапурда есірткі сатқаны үшін сотталған әйел адамға өлім жазасы орындалды. Бұл – елде соңғы 20 жылда әйелге қатысты қолданылған алғашқы өлім жазасы, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Кaz.nur.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап жазды.
"Саридеви Джаманиге шығарылған өлім жазасы үкімі 2023 жылғы 28 шілдеде орындалған", - деп жазады агенттік елдің есірткімен күрес орталық бюросына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, әйел 2018 жылы шамамен 30 грамм героин сатқаны үшін өлім жазасына кесілген.
Апелляциялық сот сотталушының шағымын қанағаттандырмаған.
Сондай-ақ оның ел президентінен рақымшылық жасауын сұраған өтініші де қанағаттандырылмаған.
Агенттік ақпаратынша, өлім жазасы құқық қорғаушылардың белсенді наразылығына қарамастан орындалған.
Сингапурда әйелге өлім жазасы соңғы рет 2004 жылы қолданылған. Ол кезде 36 жастағы шаштараз заңсыз есіртікі айнылымы үшін өлім жазасына кесілген болатын.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz