Тағамға палма майын пайдаланғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
Ресей Федерациясында тағам өнімдеерін дайындағанда палма майын қолдануға тыйым салынуы мүмкін әрі қылмыстық жауапкершілік қарастырылатын болады. Мемлекеттік дума мәжілісінде парламенттің төменгі палата спикері Вячеслав Володин осындай ұсыныс білдірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы islam.kz тілшісі ресейлік «Жаңалықтар» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап жазды.
Оның айтуынша, тағам өндірушілер арзан қоспалар (ингредиент) есебінен қаржылық пайда көруді көздейді, алайда, мұндай арзан қоспалар адам денсаулығына зиянды. Мұндай зиянды қоспаларды пайдаланғандарға аса ірі мөлшерде айыппұл салу керек.
Осылай деген ресейлік депутат бүгінде тағам өнімдерінде палма майының кеңінен қолданылатынын атап өтті. Егер тағам сүт өнімдерінен әзірленсе, оған арзан қоспаларды қосуға заң жүзінде тыйым салуды ұсынды.
Палма майы оңтүстік-шығыс Азия елдерінде, атап айтқанда, Малайзия мен Индонезия аумағында өндіріледі.