Тай елінде маймылдарды какос жинау үшін құлдыққа салған
Тай елінде фермерлер вегандарға арналған сүт өндірісіндегі қажеттілікті өтеу үшін кокос жинау науқанына маймылдарды жегіп, құлша пайдаланған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Іslam.kz тілшісі The Daily Star ақпарат көзіне сілтеме жасап жазды.
Негізінде тай фермерлерінің тропикалық жануарды ауыл шаруашылық плантацияларында жұмысқа жегетіні бұрыннан белгілі.
Халықаралық жануарлар құқығын қорғау ұйымдары, соның ішінде РЕТА ұйымы әлем қауымдастығына дабыл қағып, тайлық фермерлердің бұл әрекетін сынға алып, айыптаса да бұдан тиісті қорытынды шығарылған емес.
Бұдан бөлек, тай фермерлері маймылдарды шынжырлап, жұмыс істегісі келмегендерін таяқ астына алып, соққыға жығатыны да әшкере болған еді.
Ол ол ма, қожайынын тістеп алмасы үшін олардың көбісінің тістері жұлынған.
Бұл факті өз кезегінде маймылдар популяциясына қауіп төндіруде. Дәлірегі, олардың жойылуына ықпал етпек.