Танымал депутаттың қызы жезөкшелер сайтынан табылды (фото)
Ресейлік депутаттың 15 жастағы қызының эротикалық суреттері интим-қызмет көрсететін сайттан табылды деп жазады NUR.KZ.
Оның желіде жарияланып кеткен жартылай жалаңаш суреттерінің жанында сексуалды қызметтің бағасы жазылған. Ал өзі туралы ақпарат көрсетілген жерге қыздың жасы 22-де екені жазылған деп хабарлайды «Комсомольская правда».
Алена - (аты өзгертілген – ред.ескертпесі) элиталық гимназияның оқушысы.
"Сайтта жарияланған анкетаның сілтемесі мектеп директорының қолына түспегенде, бұл туралы ешкім білмес еді. Директор алғашында келген сілтемені көріп таңырқады. Ал сайтты ашып қарағанда тіпті есеңгіреп қалды. Ол суреттен 15 жастағы мектеп оқушысын емес "түнгі көбелектердің" бірін көрді", - дейді басылымға дереккөз.
Гимназия директоры сөз келместен қолындағы бар ақпаратты құқық қорғау орындарына тапсырған. Ал мұны естіген мұғалімдердің барлығы есеңгіреп қалған.
Айта кетейік, қыз баланың ата-анасы өте мәдениетті тәрбиелі адамдар. Тіпті жасөспірімнің өзі оғаш қылықтарымен көзге түспеген.
Қазір осы оқиғаға қатысты тергеу шаралары жүріп жатыр. Ал қыз баланың өзі тергеуде әлеуметтік желіде оған әлдекімдердің ақшаға ашық фототүсірілімге шақырғанын айтқан. Және ол келісімін бергенін мойындап отыр.