Трансгендер спортшылар әйелдер арасындағы халықаралық жарыстардан шеттетілді
Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының кеңесі (World Athletics) трансгендер спортшылар мен DSD-атлеттерді қабылдау ережелерін жаңарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қауымдастық трансгендерлерге, еркек жыныстан ауысқан адамдарға әйелдер арасындағы ірі жарыстарға қатысуға тыйым салды. Бұрын транссексуал спортшылар қандағы тестостерон деңгейін екі жыл бойы литріне 2,5 наномольден төмен сақтаса, әйелдер арасындағы жарыстарға рұқсат етілген еді.
«Қазіргі уақытта жеңіл атлетикада халықаралық деңгейде жарысатын бірде-бір трансгендер спортшы жоқ, сондықтан бұл спортшылардың жеңіл атлетикадағы әйелдер арасындағы бәсекелестіктің әділдігіне тигізетін әсері туралы нақты дәлелдерді айта алмаймыз», - деген ұйым бұл жағдайда инклюзивтілікке қарағанда бәсекелестіктің әділдігіне басымдық беріліп отырғанын хабарлайды.
Жаңа ережелер уақытша екені айтылады. Дүниежүзілік жеңіл атлетика кеңесі жыл ішінде трансгендерлерді қабылдау мәселесін қарастыратын жұмыс тобын құрады.
Өз кезегінде әйелдер арасындағы жарыстарға қатысу үшін DSD спортшылары кем дегенде екі жыл бойы қандағы тестостерон деңгейін литріне 2,5 наномоль деңгейінен төмен ұстауы керек. Бұрын бұл көрсеткіш литріне 5 наномольге жеткен.
Жаңа ережелер 31 наурыздан бастап күшіне енеді. Бұл тәртіп Оңтүстік Африканың екі дүркін Олимпиада жеңімпазы Кастер Семеня, Токионың күміс жүлдегері, намибиялық Кристин Мбома және 2016 жылғы күміс жүлдегер Бурунди Франсин Нийонсаба сияқты DSD спортшыларға қатысты болып отыр.