Түркия ұйғырларды қабылдауға дайын
Стамбұл мен Түркияның өзге де ірі қалаларында Қытай саясатына қарсы наразылық шаралары жалғасып жатыр. Осыған байланысты ҚХР сыртқы істер министрілігі өз азаматтарын Түркияға мүмкіндігінше бармауға үгіттеуде.
Наразы топ өкілдері Пекиннің мұсылман ұйғырлардың құқықтарын таптап жатқанын айтып отыр. Осыған байланысты олар кешегі демалыс күндері Стамбұлдағы қытай асханасының терезелерін сындырып кетті.
Ал, Түркия билігі Қытай елшісін шақыртып, Рамазан айында мұсылман ұйғырларға көрсетіліп жатқан қысымдар туралы шынайы ақпарат беруін талап етіп отыр. Бұған дейін БАҚ өкілдері Қытай билігінің ұйғырлардың ораза ұстауына тыйым салғандығы туралы мәліметтер таратқан болатын.
Түркия сондай-ақ, ұйғыр босқындары үшін әрқашан есігі ашық екенін де атап өтті. Бұл өз кезегінде екі ел арасындағы онсыз да мәз емес жағдайды ушықтыра түсуі мүмкін.
BAQ.kz