Түркияда бір апталық аза тұту жарияланды

Түркияда бір апталық аза тұту жарияланды

Президент Реджеп Тайып Ердоған 12 ақпанға дейін тулар төмен түсірілетінін хабарлады.

 

"Рейтер" таратқан соңғы ақпарат бойынша жойқын жер сілкінісінен құрбан болғандар саны 2300 адамнан асты. Жарақат алғандар 14 мыңнан көп. Алғашқы 7,8 балдық зілзаладан кейін кемінде 17 рет жерасты дүмпуі тіркелген. Іздеу-құтқару ісіне 10 мыңдай маман тартылды. 3 мыңға жуық ғимарат қираған.  Табиғи апат болған елдің оңтүстігіндегі қалалар арасындағы жолдар опырылған, интернет байланысы нашар. Кейбір жерде түнде қатты суық болады деген қауіп бар. Жалпы ел бойынша мектептер мен университеттер 1 аптаға жұмысын тоқтатты. Теміржол қатынасы мен әуе рейстері де белгісіз мерзімге дейін шегерілді.

 

Хулуси Ибраһим, зардап шегуші: - Мен өзіме қиямет күні келді деп айттым. Біз опырылған ғимараттың астында қалдық. Жанымда жұбайым тұрған еді. Оның ес-түссіз жатқанын көріп едім, кейін мүлде таппай қалдым. Өзім 4 сағат дегенде үйінді астынан шықтым. Әйелім әлі қиранды астында жатыр. Жамандық туралы ойлағым келмейді.

24.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста